Жаңалықтар

СҚО-да ветеринариялық құжаттар қолдан жасалған

СҚО-да ветеринариялық құжаттар қолдан жасалған
Фото: СҚО прокуратурасы 06.10.2023 09:52 427

СҚО прокурорлары талдау жүргізу кезінде ветеринария саласында бірқатар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Прокуратура мәліметінше, ветеринариялық қызметтер «Ветеринария туралы» Заңның талаптарын сақтамастан, ветеринариялық құжаттарды беру және жануарларды вакцинациялау тәртібін бұзған, ірі қара малға диагностикалық зерттеулер толық көлемде жүргізілмеген.

Ветеринариялық құжаттарды қолдан жасау фактілері анықталды (ет өнімдеріне ветеринарлық анықтамалар және вакцинация актілері), олар бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабы бойынша 4 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аудан әкімдіктері ветеринариялық ережелердің талаптарын бұза отырып, мал қорымдарын тиісті күтіп-ұстауды қамтамасыз етпеген. Сонымен қатар арнайы пункттерде емес, жеке аулада мал сою тәжірибесі жалғасуда, - делінген мәліметте.

Қадағалау органының актісі бойынша 24 лауазымды тұлға, оның ішінде Ветеринария басқармасының басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, жол берілген бұзушылықтарды жою және осы саладағы жағдайды жақсарту бойынша кешенді жоспар әзірленді.

Уәкілетті органдар малды белгіленбеген жерлерде сойғаны үшін адамдарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға бағдарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға