Жаңалықтар

СҚО-да тұрғын үйдегі өрттен 13 адам құтқарылды

СҚО-да тұрғын үйдегі өрттен 13 адам құтқарылды
Фото: ҚР ТЖМ 02.01.2024 16:09 466

Өрт сөндірушілер СҚО Булаев ауданының М.Жұмабаев атындағы аудан орталығындағы тұрғын үйдегі өрттен 13 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы ақпарат 1 қаңтарда сағат 13:21-де түскен. 5 минуттан кейін кезекші қарауыл сол жерге келіп, адамдарды құтқаруға және өртті сөндіруге кірісті.

Өрт сөндірушілер Нұрсұлтан Шунгульшин мен Ерлан Мыжиканов 7 адам: 4 әйел мен 3 бала құтқарды. Өрт сағат 13:50-де толығымен жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, - делінген хабарламада.

Қарауылдың жеке құрамы жанып жатқан пәтерден 27 литрлік газ баллонын шығарды. Сол үйде тұратын аға лейтенант Ғалымжан Байбусин өрт сөндірушілер келгенге дейін қолда бар құралдармен өртті сөндіру шараларын қабылдап, өрт сөндірушілерге адамдарды эвакуациялауға көмектесті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға