Жаңалықтар

СҚО-да су тасқыны кезінде өңірлерден келген құтқарушыларды шығарып салу рәсімі өтті

СҚО-да су тасқыны кезінде өңірлерден келген құтқарушыларды шығарып салу рәсімі өтті
Фото: Видеодан кадр 28.04.2024 18:45 415

Солтүстік Қазақстанда су тасқыны салдарын жою үшін өңірлерден келген құтқарушыларды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Теріскей өңірдегі жұмыстарға Астана қаласы, Түркістан және Қостанай облыстары ТЖД қызметкерлері, сондай-ақ "Қазселденқорғау" және Апаттар медицинасы орталығының мамандары азаматтарды алдын ала эвакуациялауға, авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан болатын.

Құтқарушыларға ТЖМ басшылығының атынан  ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы полковник Рамиль Камалов алғысын білдірді. ТЖМ қызметкерлерінің еңбегін облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов те атап өтті. 

Айта кетсек, республика бойынша су тасқыны кезінде эвакуацияланған 38 254 адам өз үйлеріне оралды. 6 727 адам эвакуациялау пунктерінде орналасқан.

Су тасқыны бастағалы бері 12 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды. 6,6 млн астам қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға