Жаңалықтар

СҚО-да Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды

Бұл туралы polisia.kz сайты мәлімдеді
СҚО-да Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды
Фото: polisia.kz 27.10.2022 15:15 1865

СҚО-да Сібір елігін атқан төрт ер адам ұсталды, – деп хабарлайды  El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының полициясына Kia Sorento жол талғамайтын көлігін мінген бейтаныс адамдардың Жалтыр көлі маңында жануарлардың етін мүшелеп жатқаны туралы телефон қоңырауы келіп түсті.

Полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы төрт ер адамды ұстады. Анықталғандай, ұсталғандар екі сібір елігін атып алған.

Тексеру барысында полиция қызметкерлері оқиға орнынан екі пышақ, Вепрь маркалы карабиндер, тегіс ұңғылы мылтық, патрондар тәркіледі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 337-бабының 4-бөлігі (Заңсыз аңшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптамалар тағайындалды.

Істің мән-жайын жан-жақты зерделеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға