Жаңалықтар

СҚО-да салмағы 6 келіге жуық алып бала дүниеге келді

СҚО-да салмағы 6 келіге жуық алып бала дүниеге келді
Фото: ©Pixabay.com 27.07.2023 12:12 760

Солтүстік Қазақстан облысында 5 келі 410 грамм салмақпен нәресте дүние есігін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СҚО көпбейінді аурухана перинаталды орталығының мәліметіне сәйкес, сәби 23 шілде күні дүниеге келді. Алып баланың анасы - Сергеевка қаласының тұрғыны. 

Оқи отырыңыз:

Үлкен салмақпен туған баланы да, оның анасын да жағдайларының жақсы екендігіне көз жеткізбейінше орталықта ұстаймыз. Кеше 18 шілде күні 5 келі 400 грамм салмақпен дүниеге келген тағы бір нәрестені анасымен үйіне жібердік. Жағдайлары жақсы. Олар Қызылжар ауданының тұрғыны. Жалпы алып балалардың басым бөлігі – ұлдар, - дейді орталық қызметкерлері.

Дәрігерлердің айтуынша, 4 келіден аса туған балалар – ірі салмақты деп есептеледі. Былтыр перинаталды орталықта 4512 нәресте дүниеге келсе, солардың 691-і ірі саналады. Бір бала, тіпті 6 келі 250 граммен туған. 65 ана перинаталды орталықтан егіз баласымен үйіне кетті.

Биыл дәрігерлер 2524 баланың дүниеге аман-есен келуіне көмектесті. Оның 404-інің салмағы 4 кг жоғары болған. Үшем тіркелмеген, дегенмен, 39 егіз дүниеге келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға