Жаңалықтар

СҚО-да құтқару жұмыстарына жұмылдырылған әскерилердің жұмысы тұрақты бақыланады

СҚО-да құтқару жұмыстарына жұмылдырылған әскерилердің жұмысы тұрақты бақыланады
Фото: Бейнежазбадан скриншот 18.04.2024 23:14 341

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы құтқару жұмыстарына тиімді мониторинг жүргізудің амадары жасалуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік Қазақстан облысына су тасқынына қарсы жұмыстарға келген Қарулы күштердің әскери қызметшілері қойылған міндеттерді уақытылы және сапалы орындау мақсатында Петропавл ауыр машина жасау зауытымен бірге нақты уақыт режимінде жағдайды қадағалау міндетімен жылжымалы басқару пунктін жабдықтады. Бұл тәулік бойы ұшуға және су тасқыны жағдайының өзгеруіне мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

Оның жұмысына 2D форматта жергілікті карта туралы 2,5 сағаттық кезеңділікпен ақпарат беруге қабілетті барлау ҰҰА, сондай-ақ жылуға ден қойғыш камерасы бар дрон тартылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға