Жаңалықтар

СҚО-да қазақтардың үлесі – 35%. Қазақыландыру қалай жүріп жатыр?

СҚО-да қазақтардың үлесі – 35%. Қазақыландыру қалай жүріп жатыр?
Фото: © ОКҚ 04.12.2023 16:00 1430

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірді қазақыландыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңір басшысының сөзінше, мәселе бақылауда.

Жұмыс жүріп жатыр... Қазақ тілінде білім беретін мектептер мен балабақшалар әрі әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде. Курстар ашылып жатыр, - деді ол.

Ол оңтүстіктен квотамен көшіп келіп жатқандардың қарасы көп екенін тілге тиек етті.  

Жыл сайын жолдар мен әлеуметтік нысандар салынып жатыр. Сондай-ақ оңтүстіктен арнайы квотамен адамдар көшіп келіп жатыр. Биыл шамамен 2560 адам келді. Оның ішінде 235 қандас бар. Жыл сайын оңтүстіктен келген адамдардың 85-89%-ы ауылдарда қоныстанып, қалып жатыр. Бұл да жақсы көрсеткіш, - деді ол.

Айта кетейік, СҚО-да қазақтардың үлесі – 35%.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға