СҚО-да пәтер өртеніп, 15 адам қауіпсіз жерге шығарылды
16.05.2025 21:14
688

Фото: El.kz
Солтүстік Қазақстан облысының Бескөл ауылында орналасқан екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Октябрьское көшесіндегі үйдің екінші қабатындағы пәтерден төбе жабыны мен жеке заттардың жануы тіркелген. Өртті сөндіру барысында құтқарушылар 4 газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Сондай-ақ түтін басқан аумақтан 3 адам құтқарылып, жалпы 15 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.
Құтқару қызметінің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт шағын аумақта оқшауланып, толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ тарапы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалуды қаперге салады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Несие тарихын қалай түзетуге болады?