Жаңалықтар

СҚО-да өлім-жітім көрсеткіші төмендеді

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
СҚО-да өлім-жітім көрсеткіші төмендеді
Фото: ҚР ДСМ 11.02.2023 16:50 1234

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Солтүстік Қазақстан облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен халыққа медициналық көмек көрсетудің проблемалық мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Кеңес жұмысына СҚО Денсаулық сақтау басқармасының, ӘлМСҚ аумақтық ведомстволық бағынысты ұйымдарының, МФБКД басшылары қатысты. 

«2022 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында халықтың жалпы өлімі көрсеткішінің 24,8%-ға төмендеуі байқалады, алайда ол орташа республикалық мәннен 70,2%-ға артық», - деп атап өтті Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник.

Оның айтуынша, өңірде қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім көрсеткіші өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4%-ға төмендеді, бұл республикалық орташа көрсеткіштен 20%-ға артық. Сонымен қатар, СҚО-да жарақаттардан, уланудан және жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3% - ға төмендегені байқалады.

Вице-министр аурухана ғимараттарының тозуы, арнайы бейін  мамандарының, әсіресе кардиология мен акушерияда тапшылығы, диагностикалық жабдықтардың жеткіліксіз паркіне қатысты негізгі проблемалық мәселелерге назар аударды. Мысалы, В. Дудниктің айтуынша, 13 аудандық аурухананың тек 4-уінде ғана кардиолог дәрігерлер бар, қалғандарында алмастыратын дәрігерлер немесе ЖПД дәрігерлері жұмыс істейді.

Кеңес соңында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медициналық ұйымдар басшыларының жауапкершілігін күшейтуге шақырды.

Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелер жөніндегі кеңесті «Мемлекет басшысы біздің саламызды қолдау үшін барлық жағдай жасайды, біздің проблемаларымызды шешуге жауап береді, бірақ қазір емханалар мен стационарлар деңгейінде халықтың қанағаттануын арттыруға бағытталған барлық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету қажет. Онкологиялық аурулардың анықталуын арттыру, қауіп топтарымен жұмыс істеу, оларды бақылау, қызметкерлерді оқыту қажет. Неліктен сіздің адамдарыңыз 60 жасында инсульттан кетеді, статистиканы шығарайық, неге ҚЖА-да медициналық көмек көрсету алгоритмдері дұрыс емес  және науқастардың жасы мен медицина қызметкерлерінің жоқтығын сылтауратудың қажеті жоқ. Медициналық көмекке бағытталған қаржы қаражатының тиімділігін талдаңыз, сіздер салық төлеушілердің әрбір теңгесі үшін жауапты болуларыңыз керек», - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға