Жаңалықтар

СҚО-да көлемі жаңғақтай бұршақ жауды

СҚО-да көлемі жаңғақтай бұршақ жауды
Фото: pkzsk.info 10.05.2024 08:45 216

Солтүстік Қазақстанның солтүстігінде 9 мамырда кенеттен найзағай ойнап, бұршақ жауды, деп хабарлайды Petropavlovsk.news-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындар әлеуметтік желіде жаңбырдың фотолары мен видеоларымен бөліскен. Ондағы мәліметке сүйенсек, 9 мамырда облыстың оңтүстік өңірлеріндегі ауылдарда жаңбыр мен көлемі грек жаңғағындай бұршақ жауған.

Айта кетейік, мамыр айында найзағай ойнап, дауыл соғып, күн суыту Солтүстік Қазақстан облысы үшін таңсық емес. Бір жыл бұрын да өңірде мамыр айында қатты боран болған. Ал 6 мамырда желдің жылдамдығы секундына 34 метрге жеткен ерекше жойқын дауыл болды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға