Жаңалықтар

СҚО-да әскерилер ауыл тұрғындарын эвакуациялауда

СҚО-да әскерилер ауыл тұрғындарын эвакуациялауда
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 17.04.2024 02:04 380

Солтүстік Қазақстанда ТЖМ әскери қызметшілері ауыл тұрғындарын эвакуациялап жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

68303 әскери бөлімінің сарбаздары эвакуацияның белсенді кезеңіне тартылды. Әскерилер ауыл тұрғындарын Соколовка кентінен Пресновкаға алдын ала тасымалдап, уақытша орналастыру пункттеріне орналастырған.

Эвакопункттерде зардап шеккендерге психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Төтеншеліктердің мәліметінше, осы уақытқа дейін су басу аймақтарынан екі мыңнан астам адам алдын ала эвакуацияланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға