Жаңалықтар

СҚО-да «Аграрлық несие корпорациясы» облыстық филиалының басшысы ұсталды

СҚО-да «Аграрлық несие корпорациясы» облыстық филиалының басшысы ұсталды
Фото: ©Бауыржан Жуасбаев 28.09.2023 09:22 614

Солтүстік Қазақстан облысында «Бизнеске жол»*жобасын іске асыру шеңберінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының басшысы ұсталды.

Антикор мәліметінше, ол ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден бірнеше рет пара алды деген күдікке ілінді. Пара сомасы 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі мөлшерді құрады.

Ақшалай қаражаттар ҚР Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде бөлінетін кредиттік қарыздарды беру мәселесін оң және кедергісіз шешуге арналған, - делінген мәліметте.

Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

*Жобаның мақсаты – кәсіпкерлерге әртүрлі әкімшілік кедергілерді, құжаттарды ресімдеу кезінде әуре-сарсаңдарды еңсеруге көмектесу, мемлекеттік қызметшілер қабылдайтын шешімдердің мерзімдері мен ашықтығын сақтауды қамтамасыз ету.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға