Жаңалықтар

СҚО-да 700-ден астам әскери қызметші су тасқына қарсы жұмыстарды жалғастыруда

СҚО-да 700-ден астам әскери қызметші су тасқына қарсы жұмыстарды жалғастыруда
Фото: Қорғаныс министрлігі 14.04.2024 10:14 407

Солтүстік Қазақстан облысында Қарулы күштердің 700-ден астам әскери қызметшісі бірнеше топқа бөлініп, зардап шеккендерді эвакуациялау мен  бөгеттерді нығайту жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Подгора ауданында Қызылжар су және Ущев көшесіндегі жергілікті тұрғындар эвакуацияланды. Хром зауыттағы, Кожевин көшесіндегі және қалалық жағажайдағы бөгетті күшейту жұмыстары жалғасуда. Әскери қызметшілер Бескөл кентінде жол полициясымен бірлесіп, Жамбыл және Рабочий көшелерін қоршау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ олар Петропавл тұрғындарына ауыз су жеткізуді ұйымдастырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға