Жаңалықтар

СҚО-да 1 млн 626 мың текше метрден астам қар шығарылды

СҚО-да 1 млн 626 мың текше метрден астам қар шығарылды
Фото: ҚР ТЖМ 24.03.2024 10:17 363

Қыс басталғалы СҚО-дағы елді мекендерден 1 млн 626 мың текше метрден астам қар шығарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, өткен аптада 301 мың 472 текше метр қар шығарылды.

2082 су өткізгіш құбырлар тазартылды, бір аптада - 974. 116 шақырымнан астам арықтар тазартылды, бір аптада - 30 шақырым тазартылды, - делінген мәліметте.

Сонымен қатар 696 шақырымнан астам егістікке қаралау жүргізілді, бір апта ішінде - 322 шақырым.

Жыл басынан бері 23667 қап дайындалды, бір апта ішінде - 12218.

Су тасқыны ерекше бақылауда, дайындық жұмыстары жалғасуда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға