Жаңалықтар

СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы ауысты

Жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев таныстырды
СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы ауысты
Фото: gov.kz 18.11.2022 13:08 1291

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқару Берік Біләловке жүктелді, деп хабарлайды El.kz.

СҚО бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа басшы – полиция генерал-майоры Берік Біләловті жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Сағат Мәдиев таныстырды.

Берік Біләлов СҚО-ның Булаев ауданында дүниеге келген.

Қызметін ішкі істер органдарында 1990 жылы Соколов аудандық ішкі істер бөлімінде милиция инспекторы болып бастады.

ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитетінің төрағасы лауазымында еңбек етті. СҚО, Ақмола облыстарында Полиция департаменттерін басқарды.

Кейін Ұйымдасқан қылмыспен және ТМД аумағындағы өзге қылмыстармен күресті үйлестіру бюросында өкілетті өкіл болды. Тағайындауға дейін ҚР ІІМ-нің орталық аппаратында еңбек етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға