Жаңалықтар

Спорттық гимнастикадан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан спортшылары анықталды

Спорттық гимнастикадан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан спортшылары анықталды
Фото: ҚР ҰОК 27.03.2024 18:37 472

Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан әлем кубогының шешуші кезеңі өтеді. Бұл туралы Olympic.kz сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған турнирден соң гимнастикалық ат снарядында Олимпиада жолдамасын жеңіп алған гимнастар есімі белгілі болады. 

Команданың бас бапкері Александр Кимнің пікірінше, әлем кубогында Нариман Курбановтың жолдама алатын мүмкіндігі мол. 

Курбановқа жүлделі орынға ілігу керек. Сол кезде жолдама мәселесі шешіледі. Негізінде қазір оның басты қарсыласы - Қытайлық Тайпей өкілі Ли Чин Кай. Ол Әлем кубогының алғашқы екі кезеңінде финалға шыға алмады. Десе де, өте мықты гимнаст саналады. Францияның Лион қаласында жаттығып жүр. Біз тап сол Бакудегі турнир алдында іштей секем алып, осы бір тайпейлік спортшы топ жарып кетпесе екен деп тіледік. Ойлағанымыздай болды. Нариман сол жарыста сырқаттанып қалды да, бағдарламаны өзі ойлағандай орындай алмады. Бірақ үміт үзбейміз. Катарда бәрі шешіледі, - дейді Ким. 

Катарда сынға түсетін Қазақстан құрамасы:

Милад Карими

Нариман Курбанов

Дмитрий Патанин

Диас Тойшыбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға