18-21 маусым аралығында Қытайдың Цзуньи қаласында спорт гимнастикасынан Азия чемпионаты өтеді. Осы орайда Қазақстан ерлер құрамасының бапкерлер штабы чемпионатқа қатысатын құрамды жариялады.
Құрлық біріншілігінде ел намысын қорғайтын спортшылар:
- Милад Карими (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, ат снарядында және кермедегі жаттығулар)
- Ильяс Азизов (көпсайыс)
- Дмитрий Патанин (еркін жаттығулар, қол тіреп секіру, сақиналардағы жаттығулар, қоссырық және керме)
- Роман Хегай (көпсайыс)
- Дияс Тойшыбек (ат снарядындағы жаттығулар, қоссырық және керме)
- Нұртаң Ыдырысов (көпсайыс)
Қазір гимнасттар Бейжіңдегі (Қытай) оқу-жаттығу жиынында жүр. Отандастарымыз Қытай ұлттық құрамасымен бірге дайындалып, алдағы Азия чемпионатына дайындықты пысықтап жатыр.
Айта кетейік, алдағы Азия чемпионаты – 2026 жылы өтетін Азия ойындары мен әлем чемпионатына іріктеу жарысы. Жолдама командалық жарыстардың қорытындысы бойынша сарапқа салынады. Бастысы, Азия ойындарына қатысатын нақты құрам осы құрлық біріншілігінен кейн нақтыланады.