Жаңалықтар

Спасскіде Карлаг тұтқындарын еске алды

Спасскіде Карлаг тұтқындарын еске алды
Фото: Қорғаныс министрлігі 04.07.2023 22:30 711

Қарағанды облысының Спасск мемориалдық кешенінде Отанынан жырақта жерленген әскери тұтқындардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Отандастарына тағзым етуге Австрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Вилли Кемпель, Австрия елшілігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі әскери атташесі полковник Томас Ахаммер, ГФР елшілігінің қорғаныс мәселелері жөніндегі әскери атташесі подполковник Вольфганг Бауэршмидт, ГФР әскери атташе әкімшілігінің басшысы штаб-боцман Яна Энке.

Біз өздерінің отбасы, ошақ қасына оралмаған әскери тұтқындардың ұрпағымыз. Оларды еске ала отырып, өздері мұқтаж бола тұрып, бір үзім нанымен бөліскен қазақ халқына алғыс айтамын. Біздің балаларымыздың аспаны әрдайым ашық болып, мұндай ауыртпалық ешқашан қайталанбасын, – деді елші Вилли Кемпель аза тұту митингісінде.

Спасск мемориалдық кешені ҚР Қорғаныс министрлігі Оқу орталығының полигонына жақын орналасқан. Тарихшылардың бағалауынша, зиратта әртүрлі ұлттардың 5 мыңнан өкілі жерленген.

Бұл жерде әскери тұтқындар мен саяси қуғын-сүргін құрбандарына Венгрия, Германия, Италия, Литва, Польша, Ресей, Румыния, Украина, Филиппин, Финляндия, Франция және Жапония елшіліктері ескерткіш орнатқан. Қарағанды гарнизонының әскери қызметшілері мұндағы ескерткіштердің жай-күйі мен аумақтың тазалығын үнемі бақылауда ұстап отырады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға