Жаңалықтар

Сөзден нақты іске көшетін кез келді – Ерлан Қошанов

Сөзден нақты іске көшетін кез келді – Ерлан Қошанов
Фото: @AMANATPartiyasy 18.02.2023 18:43 2067

Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары сайлауының үгіт-насихат жұмыстары ресми түрде басталды. Бұл туралы «Amanat» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Бұл саяси науқанның мемлекет пен қоғам үшін, әр отбасы мен әр азаматтың болашағы үшін де мәні өте зор, мәні терең. Біз жаңа дәуірде оң өзгерістер кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түбегейлі реформалары азаматтарымыздың күмәнсіз, толық қолдауына ие болды, үмітін оятып, сенімін нығайтты. «Amanat» партиясы президенттің қоғамдық тірегі ретінде осы реформаларды іске асыру жолында барлық күш-жігерін, қарым-қабілетін жұмсайтын болады. Біз жылдар бойы қордаланған мәселелердің қаншалықты ауқымды екенін жақсы түсінеміз. Біз қоғамдағы әр отбасы мен әр адамның көкейіндегі өзекті, өткір сұрақтарды жақсы білеміз және біз осы мәселелерді халқымызбен бірге түпкілікті шешуге тәуекел етіп отырмыз», - деді Ерлан Қошанов.

Халықтың бірінші сұранысы жайлы жұмыс, жеке баспана және білім мен медицина қарапайым тұрғындар үшін қолжетімді болуы тиіс. Инфлияцияның өзі адамдардың қалтасын қағып жатыр. Азық-түлік қымбатшылығы да өзекті мәселе. Сондықтан кешенді шараларды шұғыл түрде қолға алуымыз керек екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға