Жаңалықтар

"Соямыз деді". Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов дертке шалдыққанын мәлім етті

"Соямыз деді". Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов дертке шалдыққанын мәлім етті
Фото: instagram.com/sabit_abdykalykov 01.12.2023 16:20 24632

Танымал актер Сәбит Әбдіхалықов жүрегін қалай емдетіп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылдыққа бесінші рет жүрекпен ауруханаға жаттым. Жүрегіме стэнд қоюға мүмкіндік жоқ. Бір тамырдың бойы аншлаг, келесі бір вариант «соямыз» деп, кардиохирургтер пышақтарын жалаңдатып ниет білдірді, деді ол.

Дәрігерлер актердің жүрегіндегі ақауды зерттеп, ақылдаса келе, коронография жасап, тамырды үрлеу әдісімен емдеді.

Қазір Аллаға шүкір жақсымын. Еліміздегі бұл клиникада нағыз сапалы емдік әдістерімен қоса,заманауй аппараттарымен емдейді, - деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, әнші Алтынай Жорабаева белгілі актер Сәбит Әбдіхалықовпен бірге тұрған кезінде зорлық-зомбылыққа ұшырағанын ашық айтқанын жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға