«Сотқа дейін барамын»: Жансая Әбдімәлік Бибісара Асаубаеваға ескерту жасады

 Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі
Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Танымал шахматшы әрі гроссмейстер Жансая Әбдімәлік сұхбатында мансабын аяқтау себебін ашық айтып, Бибисара Асаубаевамен болған кикілжің туралы пікір білдірді.  Тұрмысқа шыққаннан кейін өмірінің қалай өзгергенін баяндады.

26 жастағы шахматшы Жансая Әбдімәлік Zamandas подкастының жаңа шығарылымына қатысты. Ол – халықаралық гроссмейстер, жасөспірімдер арасында екі дүркін әлем чемпионы, шахмат Олимпиадаларында Қазақстан құрамасының намысын қорғаған ойыншы. 2021 жылы Әбдімәлік Гибралтарда өткен ФИДЕ әйелдер Гран-при турнирінде жеңіске жетті. 021–2023 жылдары  Алматы қалалық мәслихатының депутаты болғаны тағы бар. 

Қазір бірнеше қалада оның шахмат академиясы жұмыс істеп тұр. 2023 жылы спортағы мансабын уақытша тоқтатып, тұрмысқа шықты. 2025 жылы ұлы дүниеге келді. 

Әбдімәлік пен Асаубаева арасындағы кикілжің неден басталды?

Иә, бұл сұраққа бәрінің бас қатыратыны рас. Еліміздің атын шығарып жүрген қос шахматшы – Жансая Әбдмәлік пен Бибісара Асаубаева арасындағы салқын соғыс Үндістандағы жағдайдан бұрын басталған. Мұны Жансая Zamandas подкасында ашық айтып берді. Оның сөзінше, бәрі 2022 жылы шахмат федерациясы өкілдерімен бірге Ақордадағы Президент қабылдауынан басталады. Кездесуден кейін Асаубаева әлеуметтік желіде федерация шахматты дамытуға 3 млрд теңге сұрағанын жазған соң қоғам дүр сілкінеді. Артынша Әбдімәлік бұл ақпаратты жоқққа шығарып, жазба жариялайды. Федерация өкілдері мысал ретінде Өзбекстанда шахматқа шамамен 3 млн доллар бөлінетінін айтқанын түсіндіреді.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ♕ Жансая Абдумалик (@zhansaya_abdumalik)

Біз 2022 жылғы шахмат Олимпиадасына дайындалып жатқанбыз. Ал оған бір ай қалғанда Ақордада президентпен кездесу болды.  Сол жерде “үш миллиард” туралы ақпарат шықты. Бізде бәрі Үндістанға дейін басталған. Шын мәнінде, менің тарапымнан конфликт жоқ. Ол мені қарсылас ретінде қабылдайды. Айтайын дегенім, бәрін жеңіл қабылдаймын. Мұндай қаңқу сөздер өтеді де кетеді. Сол кезде айтарым көп болса да, үндегем жоқ. Егер болашақта осындай жағдай қайталанса, адвокатыммен бірге сотқа жүгінеміз. Себебі оның тарапынан айтылатын жалған ақпаратты халық басқаша түсінеді, – дейді Жансая. 

Шахматшы карьерасын уақытша тоқтатқанына үш жыл болса да, қаңқу сөз толастамағанына ренжулі. 

Мұнің бәріне ирония ретінде қараймын. Әр жолы түсініксіз жаңалықтар шығып, түрлі факт тарайды. Өкінішке қарай, халық соны тура қабылдайды. Соның кесірінен желі қолданушылары парақшама көп хейт жазады. Меніңше, мұндайды әлеуметтік желіде не сұхбатта талқылау, айту – ұсақ іс. Менің ондай ортада жүргім келмейді. Егер менің аты-жөніммен байланысты тағы бір жағдай болса, бірден сотқа барамын, – дейді ол. 

Үндістанда болған оқиға

Әбдімәлік қозғаған Үндістандағы кикілжің қайдан шықты десеңіз, тарқатайық. 2023 жылы наурызда Жансая Әбдімәлік Үндістандағы ФИДЕ Гран-при кезеңіне ұшып барады. Шахматшыға турнир шарттары көңілінен шықпаған соң, қатыспайтынын айтып, елге қайтады. Сол турнирге Бибісара Асаубаева да қатысады. Әріптесінің турнирге қатыспайтынын сынап, әлеуметтік желіде жазба жариялайды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Bibisara Asaubayeva (@bibisarachess)

Спортшылар кез келген форс-мажор мен қиындықтарға дайын болуы керек, бірдеңе дұрыс болмаса бірден шағымданып, берілмеуі керек. Егер Жансая сияқты әр ұсақ-түйекке осылай қарай берсең, онда спортты тастап, тұрмысқа шығып, борщ пісірген дұрыс, – деп жазған еді сол кезде Асаубаева.

Кейін Асаубаева  сөзінің дұрыс болмағанын мойындаған. Ал Жансая  жағдайды былай түсіндірді:

Турнирден өз еркіммен кеттім. Бибисараның ренішін түсінбедім. Біріншіден, турнирге команда болып емес, жеке-жеке спортшы ретінде қатыстық. Мен ешкімді қиын жағдайға қалдырған жоқпын. Қаласа, өзі ойнай берсін. Маған жөнсіз тиіскені дұрыс болмады. Ел атынан сынға түсіп жатсам, әрине бар кемшілікке көзімді жұмып, сонда отырар едім. Үндістандағы жағдайды көріп, менен де басқа шахматшылар турнирге қатысудан бас тартты. Кейін турнир ұйымдастырушылары да бізден кешірім сұрады. Ал менің жеке өміріме қатысты «борщ» туралы айтқаны – тіпті күлкілі нәрсе, – деді ол.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ♕ Жансая Абдумалик (@zhansaya_abdumalik)

Сондай-ақ Әбдімәлік жақында өзі туралы тағы бір жаңалық шыққанын, көбіне елемеуге тырысатынын атап өтті. 

Бибісара екеуміздің дос бола алмауымыздың бірнеше себебі бар. Мен интриганы ұнатпаймын. Бір-біріңе әлденені сілтеп, артынша оған жауап беру – менікі емес. Маған өз шындығым жетеді. Ажиотаж жасағым келмейді. , – деді Zamandas подкасында ол. 

«Осы үшін спорттан кеттім»

Талантты спортшы бітпейтін интрига үшін спорттан кету туралы шешім қабылдағанын жасырмады. 

Мен шахматтың төңірегіндегі шудан шаршадым. Интриганы ұнатпаймын, тыныш өмір сүруді қалаймын. Спорттан кетуімнің себебінің бірі – осы. Ол (Бибісара –ред.) не істегісі келсе, соны істей берсін. Шахматшы ретінде оны құрметтеймін, бірақ оның ұстанымын құптамаймын, – деді Жансая Әбдімәлік. 

Сингапурдегі 1,5 жыл

Жансая подкаст барысында  шахмат академиясын ашқанын айтып, өзінің Сингапурдегі жылдарына тоқталды. Естеріңізде болса, оған мансабының бастапқы кеезңінде Сингапур елі демеушілік жасады. 2008 жылы  8 жасқа дейінгі қыздар арасында әлем чемпионы атанып, Қазақстан тарихында алғаш рет осындай  жетістікке жетеді. 2010 жылы әлем чемпионатында екінші орын алады. Сонда қосымша көрсеткіштер бойынша ғана ұтылып қалады. Артынша оған бюджеттен стипендия берілмейтінін, «күміс жүлде керек емесін» айтады. 

Маған стипендия бермейтін болды. «Бізге күміс керегі жоқ» деп ашық айтты. Олимпиадалық басқа спорт түрлерін қаржыландыратынын да ескертті. Сол кезде Сингапур мені шақырды. Сингапур шахмат федерациясы мені академиясында жаттықтыруға шақырып, тіпті азаматтық ауыстырып, сол елдің атынан ойнауды ұсынды. Мен Қазақстан атынан ойнаймын деген шартпен ғана келістім.Сингапурда 1,5 жыл тұрдым. 10 жастағы қыз үшін жат елде жаттығу қиынға соқты, – деді ол.  

Сондай-ақ шахматшы Сингапурде қалай дайындалғанын айтып берді. 

Таңғы 6-да тұратынмын. Біз анаммен жалдамалы пәтерде тұрдық. 4 бөлмелі пәтердің бір бөлмесі біздікі болды. Мен таңертең 6-да оянып, өзіммен өзім шахмат ойнаймын. Анам 8-де оянып, бізге таңғы ас дайындайды.  9-да академияға барамыз. 9:00–13:00 аралығында қытай гроссмейстерімен жаттығу өтеді. Ағылшын тілін жетік білмеймін. Бәрін сонда үйренуге тура келді.  Түсте үй тапсырмасы бар. Өйткені мектепке бармай, қашықтан оқыдым. 15:00–18:00 аралығында сингапурлық гроссмейстермен  жаттығамын. Ол маған спарринг-қарсылас болды. Сосын бассейнге барамын. Күн сайын осылай қайталана берді. Демалыссыз 1,5 жыл жаттығып, елге оралдым, – дейді шахматшы. 

«Ұлымды шахматқа беремін»

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ♕ Жансая Абдумалик (@zhansaya_abdumalik)

2023 жылы Жансая Әбдімәлік "Қазақмыс" компаниясының басшысы Нұрахмет Нұриевке тұрмысқа шықты. 2025 жылы ұлды болды. 

Отбасы құрған соң өмірім түбегейлі өзгерді. Жүктілікке алдын ала дайындалдым. Өйткені ағзамда тестесторон гармоны көп. Үнемі ел атынан сынға түскен соң, жігерлі, қайсар болып өстік. Спорттан үзіліс алып, гормондарымды қалпына келтіруге көп уақыт кетті. Ұлым дүниеге келген соң, бұл қиындықты ұмытып кеттім. Болашақта баламды шахматқа беремін. Бірақ басқа спортты таңдағысы келсе, қысым жасамаймын, – деді ол. 

 

Оқи отырыңыз