Жаңалықтар

Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті
Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін тағы бір айға ұзартты
Фото: 24.kz 22.07.2022 11:17 2241

Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі тағы бір айға ұзартылды, – деп хабарлайды El.kzБұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

– 21 шілде күні Алматы қалалық тергеу сотының қаулысымен күдіктіні қамауда ұстау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 тамызына дейін ұзартылды,– деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін күдіктіні қамау мерзімі бір айға ұзартылған болатын.
Айта кетейік, 24 сәуір күні сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылып, Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шығарылғанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген болатын.
Еске салайық, Қайрат Құдайбергеннің ұсталғаны туралы ақпарат 22 сәуірде пайда болған еді.
Кейін ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайберген қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады.
Қайрат Құдайберген Дикий Арманмен бірге адам жинауды ұйымдастырған.
 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға