Жаңалықтар

Сот Қайрат Сатыбалдыны шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Сот Қайрат Сатыбалдыны шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты
Фото: видеодан кадр 19.12.2023 13:30 1434

Шығыс Қазақстан облысының соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдыны шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Сотталған Қайрат Сатыбалдының бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеумен ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартамыз, - делінген сот хабарламасында. 

Сот Қайрат Сатыбалдының тәртіп бұзғанын, сондықтан бұл өтінішті қабылдау тым ерте екенін жеткізді. 

Маған алты жыл берілгенін ескере отырып, кінәні толығымен мойындадым. Істеген ісіме өкінемін. Менің мемлекет алдында қарызым жоқ, олар іс жүргізу келісімін жасады. Конституциялық құқығымды пайдалана отырып, мені бостандықты шектеу түріндегі жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтініш білдіремін, – деген еді Қайрат Сатыбалды.

Еске сала кетейік, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені 2023 жылдың қыркүйегінде 6 жылға бас бостандығынан айырылды. «Қазақтелеком» АҚ мен «Көлік сервис орталығы» АҚ-да аса ірі мөлшерде ұрлық жасады деп айыпталды. Сотта Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» АҚ-мен медиативтік келісім жасасып, 12 млрд теңге көлемінде залалды өтеді. Компания өз талаптарын қараусыз қалдыруды сұрады, өйткені залал толығымен өтелген еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға