Жаңалықтар

Сот Дональд Трампты кінәлі деп таныды

Сот Дональд Трампты кінәлі деп таныды
Фото: White House 27.09.2023 16:15 960

Сот шешіміне сәйкес, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп жылдар бойы өз активтерінің құнын асыра бағалаған, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Сотта анықталғандай, соның арқасында банктер мен сақтандыру компаниялары Трампқа жақсы шарттар ұсынып отырған.

Сот Трампты алаяқтық үшін жауапқа тартуға болады деген шешімге келді. Бұл іс қазан айында қаралмақ.

Нью-Йорктің бас прокуроры Трампқа қатысты тергеуді 2019 жылы бастаған болатын. Ол Трамп жыл сайын өзінің байлығын кем дегенде 2,2 миллиард долларға асыра бағалағанына сенімді.

Бұған дейін Трамп түрмеге түсу қаупі туралы алаңдамайтынын мәлімдеген.

Ол сондай-ақ өзін қудалаудың артында қазіргі мемлекет басшысы Джо Байден тұрғанына сенімді.

Естеріңізге сала кетейік, қазір Трампқа қарсы тағы үш қылмыстық іс тергелуде — бизнес-есептілікті бұрмалау, құпия құжаттарды заңсыз сақтау және сайлау нәтижелерін бұрмалау әрекеті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға