Жаңалықтар

Сот «Астана-Зеленстрой» директорына 185 млн теңге айыппұл салды

Сот «Астана-Зеленстрой»  директорына 185 млн теңге айыппұл салды
Фото: elements.envato.com 10.03.2023 10:03 678

Астана қаласы Байқоңыр ауданының № 2 соты «Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директорына 185 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

««Астана-Зеленстрой» ЖШС Бас директоры А.Наурызәлі «Табиғат-Сервис НС» ЖШС директорының орынбасары С.Карловадан жасыл екпелерді күтіп ұстау бойынша артықшылық бергені және орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 9 миллион теңге алу фактісі бойынша істі қарау аяқталды», – делінген хабарламада.

Биылғы 3 наурыздағы сот үкімімен Наурызәлі пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған мемлекеттік мекемелерде қызмет атқару құқығынан айырған. Сондай-ақ параның жиырма еселенген сомасы – 185 миллион теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындаған.

Карловқа сот параның он бес еселенген сомасы – 135 миллион теңге көлемінде айыппұл салды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға