Жаңалықтар

Соқырішек болған 14 жастағы баланы қайықпен жедел жағаға жеткізген

Соқырішек болған 14 жастағы баланы қайықпен жедел жағаға жеткізген
Фото: Видеодан кадр 30.04.2024 18:20 315

Көктемгі су тасқыны кезінде полиция қызметкерлері де халықпен бірге болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тәртіп сақшылары су басқан аймақтарда қалған тұрғындарды жедел түрде қауіпсіз жерлерге көшірді. Қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созды.

Құқық қорғау қызметкерлері қазір де су басқан аумақтарды күні-түні қайықпен күзетіп, қоғамдық тәртіпті бақылап жүр. Солардың бірі - полиция қызметкері Біржан Бәкіровтің әрекеті көпті сүйсіндірді.

Құзырлы орган өкілі соқырішек болып қалған 14 жастағы баланы қайықпен жедел жағаға жеткізген. Осылайша төтенше жағдай кезінде көліктері судан өте алмай қалған дәрігерлерге көмек берген екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға