Жаңалықтар

Соңғы үш жылда дәрігерлердің жалақысы 125%-ке өсті

Соңғы үш жылда дәрігерлердің жалақысы 125%-ке өсті
Фото: ©El.kz/Марат АМИРОВ 15.05.2023 15:29 1437

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мәліметке сүйенсек, 2020 жылдан бастап 2023 жылға дейін медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңімен жыл сайын өсіп келеді. Оның ішінде, дәрігердің жалақысы 30%-ға, орта медицина қызметкерінің жалақысы 20%-ға артты.

Мәселен, 1-санаттағы, еңбек өтілі 13-16 жыл, қалада жұмыс істейтін дәрігердің жалақысы 2020 жылы 178,1 мың теңге болды. 2021 жылы 239,3 мың теңгеге, ал 2022 жылы 310,0 мың теңгеге, 2023 жылы  401,5 мың теңгеге жетті. Өсім 125%-ті құрады.

Соңғы үш жылда дәрігерлердің жалақысы 125%-ке өсті

Ал 1-санаттағы, еңбек өтілі 13-16 жыл, қалада жұмыс істейтін орта медицина қызметкерінікі 2020 жылы – 129,1 мың теңге болды.  2021 жылы – 154,9 мың теңгеге, 2022 жылы – 186,0 мың теңгеге, 2023 жылы – 222,5 мың теңгеге жетті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға