Соңғы ойын: Дастан Сәтпаев клубтан қашан кететінін айтты

 Ida Marie Odgaard / Ritzau Scanpix / AFP via Getty Images
Фото: Ida Marie Odgaard / Ritzau Scanpix / AFP via Getty Images

«Қайраттың» жас жұлдызы Дастан Сәтпаевтың Лондонға қашан аттанатыны белгілі болды. Ол футбол сарапшысы Артур Асқарұлына берген сұхбатында алматылық клуб сапындағы соңғы ойыны қашан өтетінін айтты. 

17 жастағы футболшы «Қайраттың» маусым айындағы ойындарының бірінде алматылық жанкүйерлермен қоштасады. 

Жоспар бойынша соңғы матч 17 немесе 21 маусым күні болады. Бұл – өз алаңымыздағы ойын, – деді Сәтпаев.

Клубтың ойын кестесін қарасақ, олар 17 маусым күні «Қызылжармен» «Орталық стадионда» кездессе, 21 маусым күні Петропавлға қонаққа барады.    

Сондай-ақ жас шабуылшы «Челси» клубына ауысуы туралы да пікір білдірді.

Жалпы, қобалжу жоқ. Ең бастысы – өз қалауың мен жігеріңді көрсету. Сол жігердің арқасында ол жақта орнығып қаламын деп ойлаймын, – деді Дастан Сәтпаев.

 

 

 

 

Оқи отырыңыз