Жаңалықтар

Соңғы екі жылда 32 халықаралық авиамаршрут ашылды

Соңғы екі жылда 32 халықаралық авиамаршрут ашылды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 19.12.2023 15:29 901

Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Министрдің айтуынша, халықаралық әуе тасымалдары бойынша қазіргі уақытта 28 елмен 110 бағытта рейстер орындалады (аптасына 567 рейс).

Соңғы екі жылда Милан, Доха, Абу-Даби, Эль-Кувейт және басқа да қалаларға 32 халықаралық авиамаршрут ашылды. Алдағы 2024-2025 жылдары Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына рейстер ашылатын болады, – деді Қарабаев.

Министр мәлім еткендей, осы жылы Қазақстанда ұшуға 6 шетелдік авиакомпанияға рұқсат берілген. Оған қоса, «ашық аспан» режиміне түзетулер енгізіліп, «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесін пайдалануға барлық шектеулер алынып тасталды.

Нәтижесінде 2024 жылғы 14 наурыздан бастап Азиялық ірі лоу-кост «Air Asia» компаниясы Алматы-Куала-Лумпур бағытында рейстерді орындауға кіріседі және «ашық аспан» режимін қолдана отырып, Алматыдан әрі қарай Джидда қаласына рейстерді орындайтын болады, – деді Қарабаев.

Ол мұның барлығы нарықта бәсекелестікті күшейтеді және билеттердің қолжетілімдігін арттыратынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға