Жаңалықтар

Сомалиде содырлар шабуылынан тоғыз адам көз жұмды

Сомалиде содырлар шабуылынан тоғыз адам көз жұмды
Фото: ©AP/Farah Abdi WARSAMEH 11.06.2023 07:04 579

Сомали астанасы Могадишодағы қонақ үйге содырлар шабуыл жасап, кем дегенде тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Сомали ұлттық телеарнасына (SNTV) сілтеме жасай отырып El.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Жергілікті басылым «Аш-Шабаб» содырларының Сомали астанасындағы Pearl Beach қонақ үйіне шабуыл жасағанын хабарлады. Бұл - шенеуніктер мен саясаткерлер жиі тоқтайтын орын. Қазір оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

Көп ұзамай қауіпсіздік күштері содырларды бейтараптандырған.

Қауіпсіздік күштері Могадишодағы Pearl Beach қонақ үйіне шабуыл жасаған барлық жеті террористің көзін жойды. Өкінішке қарай, шабуыл кезінде алты жазықсыз бейбіт тұрғын көз жұмды. Операция барысында үш қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Қауіпсіздік қызметкерлері 84 адамды құтқарды, - деп хабарлайды телеарна полицияға сілтеме жасап.

Сомалиде орналасқан «Аш-Шабаб» тобы «Әл-Каидамен» тығыз байланыста.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға