Жаңалықтар

Солтүстікте жемшөп алқабы биыл 400 мың гектарға ұлғайған

Солтүстікте жемшөп алқабы биыл 400 мың гектарға ұлғайған
Фото: © El.kz 23.08.2023 23:44 602

Солтүстік Қазақстан облысында қысқыға жемшөп әзірлеу жұмысы аяқталуға жақын. Биыл тек шөптің ғана 940 мың тоннасы дайындалмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СҚО әкімдігінің мәліметінше, соңғы жылдары өңірде біржылдық шөптің әр гектарынан орта есеппен 8-10 центнер, көпжылдықтан 5-6 центнер алынып жатыр.

Бұл – төмен көрсеткіш, сол себепті мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар жемазықтың сапасын арттыруға аса мән беретін болған.

Бүгінгі таңда фермерлер суармалы жерлерді ұлғайтып жатыр.

Солардың бірі - Тайынша ауданындағы «Астық Стем» ЖШС-гі дәнді дақылдармен қатар жемшөп те өсіреді. Өйткені шаруашылықтың 1600 бас ірі қара малы бар.

Осыдан 13 жыл бұрын кәсіпкер тамшылатып суару технологиясын қолдана бастады.

Қазіргі уақытта жүгері мен жоңышқа алқабын да суаратын болған, нәтижесінде серіктестік басқалар мың га алатын өнімді 100 га алып жатыр.

СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы биыл жемшөп алқабы 368 мың га ұлғайған.

Шаруашылықтар қысқа әзірлікті штатты түрде өткізіп жатыр.

Қыстан қысылмай шығу үшін өңірге 940 мың тонна шөп, 211 тонна пішен қажет. Қазіргі уақытта шөптің 92,9% дайындалса, пішен 108,4% әзірленді. Бұл өзекті мәселе болғандықтан мал азығын дайындауға күнделікті мониторинг жүргізіледі. Арнайы жедел штаб құрылған, - дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Айтулова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға