Жаңалықтар

Солтүстікте еңбекке қабілетті халықтың азаюы елдің қауіпсіздігіне әсер етеді - депутат

Солтүстікте еңбекке қабілетті халықтың азаюы елдің қауіпсіздігіне әсер етеді - депутат
Фото: pkzsk.info 03.05.2023 13:37 663

Солтүстік өңірде еңбекке қабілетті халықтың азаюы және халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірлерде жұмыссыздықтың жоғары деңгейі демографиялық теңгерімсіздік қана тудырмай, әлеуметтік-экономикалық проблемаға алып келеді.

Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Тұрғанов осылай деді. Мәжілісменнің айтуынша, бұл өз кезегінде елдің қауіпсіздік мәселесіне де тікелей әсер етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылдан бастап Қазақстанда оңтүстіктен солтүстікке өз еркімен қоныс аудару бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлам аясында солтүстікке қоныс аударғандарға субсидиялар беріліп, жұмысқа 2019 жылдан 2021 жылға дейін осы бағдарлама шеңберінде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазқстан және Павлодар облыстарына шамамен 18,5 мың адам көшіп барса, оның 11,5 мыңы еңбекке жарамды. Сөйте тұра тұрақты жұмысқа тек 8,5 мыңға жуық адам ғана орналасқан. Ал келгендердің ішінен 390 адам қайта оралған. Депутат бұл жоба тиімділігінің төмендігін және қабылданып жатқан шаралардың жіткіліксіздігін көрсетеді деп отыр.

Соңғы үш жылда солтүстік және шығыс аймақтарда көші-қонның теріс сальдосы байқалады. Солтүстік аймақтар азаматтардың өміріне тартымсыз болып қала береді. Әлеуметтік, көлік және коммуналдық инфрақұрылымның тез тозуы немесе толық болмауы, тұрғын үйлердің осал жағдайы, газдың болмауы және қатал климаттық жағдайлар өмір сүру сапасын айтарлықтай төмендетіп, отбасылық бюджеттің коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығындарын арттырады, - деді ол.

Мәжілісменнің айтуынша, салыстырмалы түрде жалақының аздығы да солтүстік өңірлердің рейтингін төмендетеді.

Солтүстік өңірлерде жалақының орташа деңгейі шамамен 265 мың теңгені құраса, ал Алматы, Астана және Атырау облыстарында – 394-тен 556 мың теңгеге дейін жетеді. Осы аймақтарда көші-қонның оң сальдосы жоғары, - деді Тұрғанов.

Бқдан бөлек қоныс аударушыларды көшіру кезінде еңбек нарығы ескерілмейтінін де тілге тиек етті ол. Тиісінше бұл жұмыссыздықтың белең алуына әкеп соғады.

Қоныс аударушыларды жұмысқа орналастырудың төмен деңгейі бағдарламаны іске асыру кезінде еңбек нарығының нақты қажеттіліктері мен қоныс аударушылардың күтулері ескерілмейтінін көрсетеді, - деді Мәжіліс депутаты.

Осы орайда депутат солтүстік өңірлердің тұрғындары үшін қосымша ынталандыру шараларын қабылдауды, бағдарламаны солтүстік өңірлерді кешенді дамыту арқылы жүзеге асыруды ұсынды. Сонымен қатар халықаралық оң тәжірибені зерделеу керектігі де айтылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға