Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкері болып қызмет ететін Нұрсұлтан Жақыпов Дели қаласында кикбоксингтен өткен турнирде чемпион атанды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі ІІМ-ге сілтеме жасап.
Солтүстікқазақстандық полицей-кикбоксшы кезекті спорттық жетістігіне қол жеткізді. 2022 жылдың желтоқсан айында Тайландта өткен дүбірлі додада Азия чемпионы атанған полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Жақыпов осы жолы да халықаралық чемпионатта ел намысын абыроймен қорғады.
Спорттық іс-шара Үндістанның Дели қаласында өтті. 2 жыл бойы Қазақстан Республикасының құрамасы сапында өнер көрсетіп жүрген погондағы спортшы шеберлігімен жеңіске жетті. Жартылай финалда Непалдық спортшыны тізе бүктірді. Ал финалда ирандық спортшымен кездесті. Нұрсұлтан барын салып, ұпай саны жағынан басым түсті.
Солтүстікқазақстандық полицей кикбоксингтен өткен турнирде чемпион атанды
Оқи отырыңыз
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?