Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда қызметтік иттер 200-ге жуық қылмысты ашты

Солтүстік Қазақстанда қызметтік иттер 200-ге жуық қылмысты ашты
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 12.07.2023 06:07 615

СҚО-да қызметтік иттер жыл басынан бері 165 қылмысты ашуға көмектесті, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Polisia.kz-тің мәліметінше, СҚО полиция бөлімшелерінде 48 қызметтік-іздестіру иті бар. Оның 24-і – облыстық полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында ұсталады. Едәуір бөлігі – 16 қызметтік-іздестіру ит – іздестіру жұмыстарына оқытылған. Олардың ішінде неміс овчаркасы Альфа – осы бағыттағы үздіктердің бірі.

Өткен айда ол Петропавлдық зейнеткерге ұрланған металды қысқа мерзімде қайтарып беруге көмектесті. Жер үйдің ауласындағы ұрлық орнынан із алып, Альфа қаланың үштен бір шақырымын жүріп өтіп, жедел-тергеу тобын металл қабылдау пунктіне әкелді. Ұрланған металл тәркіленіп, иесіне қайтарылды, сол күні жедел уәкілдер күдіктіні анықтады. Жыл басынан бері СҚО-дағы полиция қызметкерлерінің төрт аяқты достары 72 ұрлықты ашуға көмектесті.

Қаңтар айынан бастап түрлі іс-шаралар барысында 342 қызметтік-іздестіру итті қолдану жүзеге асырылды. Олардың көмегімен 165 қылмыс ашылды. Оның ішінде 8 қылмыс – есірткінің заңсыз айналымымен байланысты. Соңғы жылдары қызметтік иттер синтетикалық есірткіні іздеу үшін белсенді қолданылады. 6 айда ішінде олар 764 грамнан астам осындай заттарды алуға көмектесті. Айта кету керек, қызметтік-іздестіру иттерін қолдану аясы кеңейіп келеді. Мысалы, олардың екеуі қазір одорологиялық жұмыс желісі бойынша дайындалуда. Олардың көмегімен иіс сараптамалары жүргізілетін болады, – деді СҚО ПД кинологиялық қызмет орталығы бастығының міндетін атқарушы Болат Бекмағамбетов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға