Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда оқушылар қашықтан оқиды

Ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары да қашықтан оқиды
Солтүстік Қазақстанда оқушылар қашықтан оқиды
Фото: egemen.kz 09.01.2023 10:50 1346
Солтүстік Қазақстан облысында қатты аязға байланысты барлық сынып оқушылары үшін мектепте сабақ өткізу тоқтатылады, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
 

"Ауа температурасының минус 35 градусқа дейін төмендеуіне байланысты 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді", - деп хабарлады ТЖД.

Облыстық білім басқармасы қандай ауа райында сабақ болмайтынын бұған дейін хабарлаған болатын:
 
минус 25 және одан төмен температурада және секундына 2 метр және одан да көп жел соққанда 0-4 сынып оқушылары мектепке бармайды;
 
егер жел 2 м/с немесе одан да көп болған кезде термометр бағаны минус 27 градусқа дейін төмендесе, 0-9 сыныптар үшін сабақ болмайды;
 
минус 30 және одан төмен температурада және желдің жылдамдығы 2 м/с немесе одан да көп болғанда 0-11 сыныптарда, сондай-ақ 1-2 курста оқитын колледж студенттері үшін сабақ тоқтатылады.
 
Сонымен қатар, қатты қарлы боран болып, айналаның көрінуі нашарлаған жағдайда барлық мектеп оқушылары мен колледждің 1-2 курс студенттері үшін сабақ тоқтатылады.
 
Айта кетері, бүгінде елордада ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары да қашықтан оқыту форматына көшті. Бұл туралы қалалық білім басқармасы хабарлады.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға