Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда мың шақырымға жуық су құбыры тартылады

Солтүстік Қазақстанда мың шақырымға жуық су құбыры тартылады
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі 23.06.2024 19:46 465

Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Қазақстан облысында топтық су құбырларын салу және реконструкциялау бойынша ауқымды жобаны жүзеге асыруды бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жаңадан салынатын және қайта жаңғыртылатын су құбырларының жалпы ұзындығы 910 шақырымды құрамақ. Бұл жұмыстар 251 елді мекенді сумен қамтамасыз ету сапасын арттырып, 340 мыңға жуық тұрғынның өмір сүру сапасын жақсартуға оң әсер етеді.

Бағдарлама аясында Соколов, Көкшетау, Булаев, Есіл, Преснов топтық су құбырларын қайта жаңарту мен жаңадан салуды қамтитын он ірі жоба іске асырылады. Бұл жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысында сенімді су жүйесін құруға және ауыз судың сапасын арттыруға бағытталып отыр, - деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға