Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан университетіндегілер құтқарушыларға 100 келіге жуық бауырсақ пен самса пісірді

Солтүстік Қазақстан университетіндегілер құтқарушыларға 100 келіге жуық бауырсақ пен самса пісірді
Фото: instagram.com/kozybayevuniversity 17.04.2024 08:45 283

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің қызметкерлері мен студенттері су тасқынымен күресіп жатқан әскери қызметшілер мен еріктілерге 100 келіге жуық бауырсақ пен самса пісірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жоғары оқу орны баспасөз қызметіні мәліметінше, университеттегілер су тасқыны мен оның салдарымен күресуге барынша көмек көрсетуді жалғастыруда. Оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер зардап шеккендерге жүк көліктерінен гуманитарлық көмек тасуға қатысып жатыр. Оқу орнының еріктілері су, азық-түлік, киім-кешек және басқа да қажетті заттарды жеткізіп үлгерген.

Әйелдер қауымы азық-түлік қауіпсіздігі зертханасында меңгеруші Ирина Әубәкірованың жетекшілігімен су тасқынына қарсы іс-шараларда жұмыс істейтін еріктілер мен әскери қызметшілерге азық дайындаумен айналысты. Барлығы 40-қа жуық қызметкер мен ПОҚ жұмылдырылды. Олар 80 келі бауырсақ, 9 келіден астам самса, 5 келі тоқаш жасады,-делінген мәліметте.

Айта кетейік, аталған жоғары оқу орны ғимаратында су тасқынынан зардап шеккендерге көмек жинау пункті жұмыс істейді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға