Жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД басшысы ұсталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД басшысы ұсталды
Фото: gov.kz/Әділет Мұстафинов 10.07.2024 14:47 406

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Антикор ақпаратты растады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеу аясында СҚО бойынша ҚАЖД бастығы ұсталғанын растайды. Өзге ақпаратты қосымша хабарлаймыз, - деп жазылған Антикордың Tengrinews.kz-ке жауабында.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД сайтының мәліметінше, 2023 жылғы мамырда аймақтың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы лауазымына Әділет Мұстафинов тағайындалған.

Әр жылдары ол ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қызмет атқарды, Павлодар облысы бойынша ҚАЖД бастығы болды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға