El.kz

Солтүстік Корея тарихындағы алғашқы бесем ауруханадан шықты

21.06.2025 16:53 858

Солтүстік Корея астанасы Пхеньянда тұратын Пак Кён Сим есімді тұрғын жүктілігі кезінде бірден бірнеше баланы күтіп отырғаны анықталған соң, арнайы перзентханаға жеткізілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Орталық Корей телеграф агенттігінің (KCNA) хабарлауынша, 31 қаңтар күні Пак Кён Сим екі ұл және үш қызды дүниеге әкелген. Бұл – ел тарихында ресми түрде тіркелген алғашқы бесем босану жағдайы.

Сәбилер бес ай бойы медициналық бақылауда болып, жақында ауруханадан үйлеріне шығарылды. Дәрігерлер ана мен балалардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.