Жаңалықтар

Софья Берульцева – Азия ойындарының чемпионы

Софья Берульцева – Азия ойындарының чемпионы
Фото: Сали Сабиров 07.10.2023 19:29 618

WKF каратэден Қазақстан құрамасының өкілі Софья Берульцева Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында топ жарды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жерлесіміз Қазақстан қоржынына оныншы алтынды салды. Әйелдер арасында +68 келі салмақта өнер көрсеткен Софья финалда непалдық Арика Гурунгпен кездесті. Жекпе-жек басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады – 3:0.

Софья ХІХ жазғы ойындарды ширек финалдан бастап, Жуд Олдрусты (Иордания) жеңсе, жартылай финалда Филиппин спортшысы Изабель Арианна Бритодан басым түсті.

22 жастағы қазақ каратэшісі бұған дейін Токио Олимпиадасы мен 2021 жылғы әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға