Жаңалықтар

Собчак пен Грэйс Бишімбаевтың сотына қалай қатысты? СІМ өкілі жауап берді

Собчак пен Грэйс Бишімбаевтың сотына қалай қатысты? СІМ өкілі жауап берді
Фото: t.me/Jogargy_sot 29.04.2024 18:35 1269

Сыртқы істер министрлігі ресейлік журналист Ксения Собчак пен блогер, коуч Наталья Грэйстің Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысуы жайлы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Собчак та, Грэйс те шетелдік тілші ретінде ведомстводан аккредитация алмаған.

Алғашқысы да, екіншісі де аккредитациядан өту туралы өтінішпен бізге жүгінген жоқ. Олар сотқа қалай қатысқанын сот өкілдерінен біле аласыздар, - деді Смадияров.

Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуірде ресейлік тележүргізуші Ксения Собчак экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотына қатысу үшін Қазақстанға келді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға