Жаңалықтар

Собчак Нүкенованың оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады

Собчак Нүкенованың оқиғасына қатысты мәлімдеме жасады
Фото: Жоғарғы сот 24.04.2024 12:17 1378

Астанада өтіп жатқан Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты кезекті сот отырысына ресейлік белгілі журналист Ксения Собчак қатысқан еді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Бишімбаев ісіне қатысты сот процесіне өзін ешкім шақырмағанын мәлімдеді. Сонымен қатар, қазақстандық әйелдердің прогрессивті екенін, тәуелсіз, дербес болуға ұмтылып, көп жұмыс жасайтынын атап өтті.

Елде «ұят» деген ұғым бар. Осы ұғым аясында әйел консервативті нормалардан ауытқыса ұятқа қалуы мүмкін. Қысқа юбка киіп көшеге шықтыңыз ба? Ұят. Бірнеше жігітіңіз бар ма? Ұят! Күйеуің сені ұрса да одан кетіп қалдың ба? Ұят. Әрине, бұл моральдық зорлық – зомбылыққа ұшыраған әйелдерге қосымша қысым жасайды, - деп жазды ол.

Собчактың сөзінше, Салтанат ісін қоғамдағы жаңа бетбұрыс деуге келеді.

Бұл құбылыс бұрынғы ұғымды өзгертеді. Халықтың консервативті бөлігі әйелдерге бұрыннан әмір жүргізіп келеді. Енді, міне, бойжеткендер үй озбырларына қарсы күресу үшін бірігіп қана қоймай, арнайы заңның қабылдануына да қол жеткізді, - деп жазды ол.

Жалпы, қазір Қазақстанда Салтанат ісі аясында өзгеше істер болып жатқанын айтты.

Мүмкін біз тыныш төңкерістің куәсі болып жатқан шығармыз, азаматтық қоғам жеңіп жатыр, – деді Ксения Собчак.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға