Сметов жоқ: әлем чемпионатына қатысатын отандық дзюдошылар анықталды

 ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК

Дзюдодан 2024 жылғы Олимпиададан кейінгі алғашқы әлем чемпионаты Будапештте (Венгрия) өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта бапкерлер штабы әлем чемпионатына қатысатын дзюдошылардың тізімін ұсынды:

Ерлер:

- 60 келіге дейін: Мағжан Шамшадин және Шерзод Давлатов

- 66 келіге дейін: Ғұсман Қырғызбаев

- 73 келіге дейін: Есет Қуанов

- 81 келіге дейін: Абылайхан Жұбаназар

- 90 келіге дейін: Мейірлан Максим

- 100 келіге дейін: Нұрлыхан Шархан және Марат Байқамұров

- 100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев

Әйелдер:

- 48 келіге дейін: Абиба Әбужақынова және Ғалия Тынбаева

- 57 келіге дейін: Бақыт Құсақбаева

- 63 келіге дейін: Эсмигүл Куюлова

Айта кету керек, бұл құрам – алдын ала жасалған тізім. Бапкерлер алдағы уақытта өзгерістер енгізуі мүмкін. Дегенмен негізгі құрам анықталып қойған. Ал жаттықтырушы-кеңесші Роберт Мшвидобадзе Ғұсман Қырғызбаев, Абиба Әбужақынова және Ғалия Тынбаева Венгрияда өтетін жарысқа нақты қатысатынын растады.

Еске сала кетейік, 2025 жылғы дзюдодан әлем чемпионаты 13-19 маусым аралығында өтеді. Сондай-ақ турнир аясында командалық жарыстар да ұйымдастырылады.

Оқи отырыңыз