Премьер-Министр Әлихан Смайылов қытайлық «CITIC Construction» корпорациясының бірінші вице-президенті Ян Цзяньцянмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ірі автожол жобаларын іске асырудың, атап айтқанда, қытайлық компания бас мердігер болып табылатын «Талдықорған – Өскемен» және «Қарағанды – Балқаш» республикалық трассаларын реконструкциялаудың, сондай-ақ жалпы жол-көлік саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.
Премьер-Министр осындай маңызды инфрақұрылымдық жобаларды уақытылы аяқтау және барлық учаскелер бойынша жол қозғалысын ашу қажеттігін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы жоғары стратегиялық әріптестік рухында барлық жұмыстарды табысты аяқтау үшін туындайтын мәселелерді жедел шешуге дайын екендіктерін білдірді.
Смайылов «CITIC Construction» компаниясының вице-президентімен кездесті
Оқи отырыңыз
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік