Жаңалықтар

Смайылов: Апат кезінде халыққа нақты жағдай туралы ақпарат беру – маңызды мәселе

Смайылов: Апат кезінде халыққа нақты жағдай туралы ақпарат беру – маңызды мәселе
Фото: t.me/KZgovernment 12.12.2023 15:46 586

Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс ЖЭО мен жылу желілеріндегі салдарды жою және штаттан тыс жағдайларға жол бермеу мәселелері қаралды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Технологиялық ақауларға байланысты инциденттер болып жатыр. Бұзылған учаскелерді нормативтік мерзімде қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылданды, — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, авариялар болған жағдайда барынша шұғыл әрекет етіп, тиісті шаралар қабылдау керек.

Халыққа нақты жағдай туралы, жөндеу жұмыстары мен жоспарлы жұмыстар туралы дер кезінде объективті әрі түсінікті ақпарат беру – маңызды мәселе. Әйтпесе, өтірік ақпарат пен фейк тарап кетеді, — деді премьер-министр.

Әлихан Смайылов «Қазақстан темір жолы» және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компанияларынан бірінші кезекте жылу станциялары мен қазандықтарға отынның уақытылы жеткізілуін қамтамасыз етуді талап етті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға