Жаңалықтар

Словакия премьер-министрі Ақордаға келді

11.06.2025 11:38 3959
Словакия премьер-министрі Ақордаға келді

Ақордада елімізге ресми сапармен келген Словакия премьер-министрі Роберт Фицоны салтанатты қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Роберт Фицо бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Словакияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.

Ал 16-17 маусым күндері елімізге ҚХР төрағасы Си Цзиньпин келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға