Жаңалықтар

Скляр Екібастұздағы ЖЭО-ның жылу беру маусымына дайындығын тексерді

Скляр Екібастұздағы ЖЭО-ның жылу беру маусымына дайындығын тексерді
Фото: t.me/KZgovernment 03.07.2023 09:03 679

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Павлодар облысына жұмыс сапарымен барып, Павлодар және Екібастұз қалаларында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының және алдағы жылу беру маусымына дайындық барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жұмыс сапары барысында премьер-министрдің бірінші орынбасары Екібастұз ЖЭО-сына барып, тәулік бойы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскелерді аралады.

Станциядағы 10 қазандықтың барлығын жөндеу көзделген, оның ішінде 8 қазандықта күрделі жөндеу жүргізіледі.

Бюджет қаражаты есебінен 5 су жылыту қазандығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«ОАЭК» АҚ қаражаты есебінен 5 энергетикалық қазандықты, сондай-ақ қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеу жүзеге асырылады.

Жылу беру маусымының басына дейін барлық жұмыс аяқталуға тиіс. Тиісті қаражат бөлінді, жұмыстар жүргізілуде, — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Сонымен қатар Скляр Павлодар қаласындағы жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының барысын тексерді.

Мұнда негізгі жабдықтың 40 бірлігін жөндеу және 49,1 шақырым жылу желілерін қайта жаңарту жүргізілуде.

Облыс орталығындағы жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында 2023 жылы алғаш рет квартал ішілік желілерді реконструкциялау жүргізілуде.

Барлығы 11,7 км жаңа желілер салынатын болады.

Бірінші вице-премьер жылу желілерін жөндеу жұмыстарының мерзімінде орындалуы және өңірдегі жылу беру маусымына дайындық Үкіметтің басты назарында екенін және облыс басшылығының ерекше бақылауында болуы тиіс екенін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға