Жаңалықтар

Skills Enbek платформасында 249 мың адам білім алды – Қымбат Әдепбаева

Skills Enbek платформасында 249 мың адам білім алды – Қымбат Әдепбаева
Фото: Pixabay.com 17.04.2023 14:15 651

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ онлайн оқытуды дамыту департаментінің директоры Қымбат Әдепбаева 2021 жылдың шілдесінен бастап Жұмыспен қамтудың цифрлық экожүйесінің бөлігі ретінде Skills Enbek Кәсіптік оқыту платформасы құрылғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Skills Enbek платформасының мақсаты – дағдыларды үздіксіз дамыту және бүкіл халықтың өмір бойы кәсібилік деңгейін арттыру үшін мүмкіндік жасау.

Қымбат Әдепбаева жылдам өзгерістер жағдайында білім мен дағдылардың құндылығы үнемі өсіп отыратынын тілге тиек етті. Оның айтуынша, жаңа білім жұмыстағы проблемаларға тезірек жауап беруге, сұранысқа ие болу үшін мамандықты өзгертуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда дағдыларды үйрену тәсілдері де өзгеруде. Өйткені онлайн оқыту адамдарға өз дағдыларын дамытуға және қысқа мерзімде жаңа мүмкіндіктер алуға көмектесетін маңызды құрал. Мансапты дамыту, оны өзгерту, кәсіптік оқытуға дайындық, жұмысқа орналасу, бизнес ашу, жеке тұлғаны дамыту, - деді Қымбат Әдепбаева.

Оның айтуынша, Skills Enbek платформасы қысқа мерзімді онлайн оқыту курстарының маркетплейсі. Сарапшылар өз курстарын орналастыра алады. Өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісе алады. Кез келген адам оқудан өтіп, нәтижелері бойынша дағдыларды игеру туралы сертификат алады.

Платформа сұранысқа ие дағдыларды үйренуге немесе өз біліктілігін арттыруға ниет білдірген кез келген ҚР азаматы үшін қолжетімді. Бүгін Skills Enbek-те 209 курс орналастырылды, оның 126-сы өтуге мүлдем тегін, ал 85 курс қазақ тілінде оқуға қолжетімді, - деді ол.

Платформа іске қосылған сәттен бастап 249 мың адамды қамтыды. Оқуды сәтті аяқтап, 205 мың адам сертификат алды. Оқуды аяқтағандардың ішінде 109 мың адам жастар, ал 41,3 мың адам жұмыссыз адамдар мәртебесіне ие. Жастар сауда, тамақтану, персоналды басқару курстарында оқуды жөн көреді, ал аға буын көбінесе ауыл шаруашылығы курстарын таңдайды. Ең кіші оқушы 15 жаста, ал ең үлкені 81 жаста. Сайтта ақылы және тегін курстарын әзірлейтін 76 автор тіркелді.

Маманның айтуынша, курстардың авторлары мен әзірлеушілері қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер. Оның ішінде, оқу орталықтары, ЖОО, колледждер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға