Жаңалықтар

Өскеменде «Соқа мерекесі» аталып өтті

Өскеменде «Соқа мерекесі» аталып өтті
11.06.2019 10:53 3208

Өскеменнің этнографиялық мұражай-қорығында татар халқының «Сабантой» мерекесі аталып өтті.

Оған Шығыс-Қазазқстан облысы татар этномәдени бірлестігінің өкілдері, Казан қаласынан келген этнос өкілдері, ШҚО Достық Үйінің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

IMG_9156.JPG

Көрермендер үшін мерекелік концерт, «Татарча көрәш», армрестлинг, гір көтеру, бөренеден жүру, арқан тарту және тағы басқа ұлттық ойындар мен байқаулар ұйымдастырылып өткізілді.

IMG_9175.JPG

«Сабан туе» - татар тілінен аударғанда «Соқа мерекесі, егіншілік, жер ана - жерді қастерлеу мерекесі.

Сабантой - татарлардың жерге және адал еңбекке деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі.

Екі ғасырдан астам уақыт бойы Қазақ жерінде қоныс тепкен татар халқының өкілдері Қазақ елін өз Отаны санайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға