Жаңалықтар

Өскеменде Рождество мерекесі аясында мұқтаж жандарға көмек көрсетілді

Өскеменде Рождество мерекесі аясында мұқтаж жандарға көмек көрсетілді
08.01.2019 03:59 2115

Өскемен қаласындағы Достық үйінде православ шіркеуінің мерекесін тойлау шеңберінде концерт ұйымдастырылып өткізілді.

Рождество - ұлы мереке, барлық христиандар үшін салтанатты күн. Рождествоның басты символы, әрине, шырша. Ол православие дәстүрінде ерекше орын алады.

Мереке басында Шығыс-Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев пен православ дін қызметкері Вячеслав Гутов жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

Концертте «Русская песня», «Бастеньки», «Ақниет» ансамблі, «Арабеск» би ансамблі және Шығыс Қазақстан облысының аудандарынан келген ұжымдар өнер көрсетті.

Сонымен қатар, Достық үйінің фойесінде «Белая сова» қолданбалы өнер бірлестігінің шеберлері қолөнер бұйымдарын көрермендер назарына ұсынды.

Сондай-ақ, мерекелік шара барысында қонақтар 2019 жылдың қаңтарында басталған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Сарқыт» қайырымдылық шарасы аясында тілек білдірушілер мұқтаж жандарға қол ұшын беру мүмкіндігіне ие болды. Қайырымдылық шарасы әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталғанын айта кетейік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға